Тікелей эфир

"Кілем секілді көтеруге болады". Жаңаөзенде төселген асфальттың сапасы халықтың ашуын тудырды

Олардың айтуынша, асфальт жабындысы тым жұқа.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы жаңадан төселген асфальттың сапасы көпшіліктің ашуын тудырды, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындардың айтуынша, асфальт жабындысы тым жұқа және оны еш қиындықсыз, кілем секілді оңай көтеруге болады. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы "Өзенмұнайгаз" компаниясының мұнай-газ өндіру басқармасына баратын жолды дұрыс төсемеген мердігер бұл олқылықты өз қаражатына түзетуі тиіс екенін айтты.

Тексеру қорытындысы бойынша мұнай компаниясы мен мердігер мекемеге қызметтік хаттама жолданған. Бұл жол толық қалпына келгенше жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бақылауында болмақ.

Мамандардың айтуынша, жұмысшылар асфальтті битум құймай жатып тордың үстіне төсеген. 

"Тексеру барысында асфальт-бетонды қабаттардың ортасына тор салынғанын көрдік. Бұл жердегі мәселе битум құйылмаған болып шықты. Ол жол құрылыс материалдарының бір-біріне бірігуі үшін міндетті түрде салынуы тиіс. Әйтпесе, жолдың беті тез бүлініп, қолданысқа жарамсыз болып қалады", – деді жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Маңғыстау облыстық филиалының директоры Хамзат Сұлтанов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары