Тікелей эфир

"Қызылжар" орталық мешітіндегі оқиға: Азамат видеоға түсіргені үшін емес, имамды ұрғаны үшін қамалды

Солтүстік Қазақстан облысының "Қызылжар" орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы әлеуметтік желілерде тараған шулы видеоға қатысты жауап берді.

Имамның айтуынша, қайырымдылық шарасын видеоға түсірген азамат видеоға рұқсатсыз түсіргені үшін емес, имамға қол жұмсағаны үшін 15 тәулікке қамалды.

"Құрметті бауырлар, жерлестер! Қазіргі уақытта елімізде жағдай өте күрделі. Сынаққа толы уақытта баршамызға ауызбіршілік, бірлык, ынтымақ қажет. Осы бірлігімізге, ынтымағымызға сызат түсіруді қалайтын топтар, адамдар бар. Әлеуметтік желілерде Қайырбеков Руслан есімді азаматтың қатысуымен видео тарап жатыр. Жаңалық тарататын парақшалар Қайырбеков Русланның мешітте қайырымдылық акциясын түсіргені үшін 15 тәулікке қамалғаны туралы жазуда", – деді мешіт имамы.

Ол шын мәнінде жағдай қалай болғанын айтты.

"Мешітке су тасқынынан зардап шеккен отбасылар көмек алып жатқан кезде ол рұқсатсыз видеоға түсірген. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар одан видеоға түсірмеуін, онсыз да күйзеліп тұрғандарын айтқан. Қайырбеков Руслан өтініш жасаған отбасылардың да, мешіт қызметкерлерінің де сөзін тыңдамай, имамға екі рет қол жұмсаған. Ол қайырымдылық шарасын видеоға түсіргені үшін емес, имамды ұрғаны үшін, қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін айыпты болып отыр", – деді имам.


Оқи отырыңыз: Шымкентте мешітте намаз оқушының телефонын қолды қылған ұрлықшы ұсталды


Оның айтуынша, куә болған азаматтар полиция қызметкерлерін шақырған.

"Имам ол азаматқа арыз жазған жоқ. Имам арыз жазса, әкімшілік емес, қылмыстық жазаға тартылушы еді. Руслан бауырымыз оны түсініп отырған жоқ. Кешірім сұраған жоқ. )андай жағдай болса да ресми ақпаратты мешіттен алыңыздар. Жалған ақпаратты таратып жатқан парақшалар тиісті жауапкершілікке тартылады. Құрметті бауырлар, қазір бізге бөлінетін уақыт емес. Қазір осы сынақта баршамыз бірігіп өткеруіміз керек", – деді ол.



Серіктестер жаңалықтары