Тікелей эфир

Құрсақтағы балаға жүктіліктің 9-аптасынан бастап ДНК диагностикасы жасалады

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ұрықтың хромосомалық ауытқуларын ерте анықтауға мүмкіндік беретінін айтады.

Денсаулық сақтау министрлігі құрсақтағы баланың дамуындағы ауытқуларды ерте диагностикалау және түрлі сырқаттың алдын алу үшін инвазивті емес пренаталдық ДНК тест әдісін қолданысқа еншізуді жоспарлап отыр. Бұл зерттеу жүктіліктің басында ұрықтың хромосомалық ауытқуларын жоғары сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік береді. 

Дәрігерлер бұл әдістің ана үшін де, ұрық үшін де қауіпсіз екеніне сендіріп отыр.


Оқи отырыңыз: Жүктілік кезеңдерінің ерекшелігі. Болашақ ана білуі тиіс мәліметтер


Жаңа әдісті қолданысқа енгізу үшін Қазақстанның пренаталдық ультрадыбыстық диагностика бойынша жетекші мамандарынан сараптама тобы құрылған. Сондай-ақғ пренаталдық медицина қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттар – "Қазақстан Республикасында пренаталдық ультрадыбыстық скрининг жүргізуді ұйымдастыру стандарты" және "Қазақстан Республикасында 2022-2025 жылдарға арналған пренаталдық ультрадыбыстық диагностиканы одан әрі жетілдіру жөніндегі жол картасы" әзірленген. 

"Жүктілік кезінде скринингтік зерттеулерді уақтылы жүргізу, пренаталдық медицинаның соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи және тиімді медициналық технологияларды енгізу туа біткен патология бойынша қауіп тобын бөліп көрсетуге және ұрықтың даму ауытқуларының үлкен спектрін диагностикалауға мүмкіндік береді" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары