Биыл Алаш көсемінің 150 жылдық мерейтойы өтеді.
Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың бұл туралы қаулысы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
Әуежайға Алаш көсемінің есімін беру туралы бастаманы әуежай қызметкерлері көтерген болатын. Кейін бұл ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ағартушысы, ғалым, ақын, аудармашы. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Оқи отырыңыз:
- Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық кешені салынады
- Ахмет Байтұрсынұлы ауылында 20 млн теңгенің бөгеті жылға жетпей бұзылған