Тікелей эфир

Қоқыс алаңымен қонысы бір. Қызылорда облысында кент тұрғындары еркін тыныстай алмай отыр

Тұрғын үйлерден таяқ тастам жердегі қоқыс алаңынан бала жөргегінен бастап мал өлексесіне дейін табылады.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында жүзге тарта отбасы үшін "маска режимі" әлі аяқталмады. Бірақ, оларды коронавирус емес, қоқыс алаңы әбігерге салып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындар қолқа қабатын сасық иістен балалары жиі ауыратын болғанын айтады. Олардың талабы – қоқыс алаңын елді мекендерден шалғай жерге көшіру.

"Немерелеріміз келген. Иістен ауырып, үстіне жара шықты. Ауруханаға жатып емделуге тура келді. Мұнда кешкілік есік алдына шығу мүлде мүмкін емес", – дейді кент тұрғыны Сәнім Тілегенова.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның бірнеше өңірінде мектептер әлі күнге дейін көмір және дизельмен жылытылады


Қоқыс алаңы жеке кәсіпкер Нұрлан Сәдуақасовтың иелігінде. Дегенмен, ол қоқыс алаңын басқа жерге көшіруге қауқарсыз. Аудан әкімдігі кәсіпкерге орталықтан шалғай аумақтан жер телімін бергенімен, ол жаққа инфрақұрылым жүйелері жүргізілмеген. Бұған әлі қаржы қарастырылмаған. Соған орай, Нұрлан Сәдуақасов қоқыс алаңын қашан көшіре алатынын айта алмайды.

"Жер берілді. Бірақ, ол жаққа жарық тартылмаса, біз қалай көшеміз? Қоқыс алаңының мәселесі үлкен. Мал өлексесі, басқа да заттарды әкеп тастап жатыр", – деген ол қоқыс алаңын көшіру үшін жергілікті әкімдікке үш жылдан бері арызданып келе жатқанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары