Тікелей эфир

Қазақстанда алимент төлемейтін азаматтар жазаланып жатыр

Қазіргі уақытта перзенті алдындағы борышын өтеуден қашып жүрген 4 адам екі жылға сотталды.

Тағы екі борышкерге шартты түрде жаза кесілсе, 5 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тағы 196 адамның бас бостандығы шектелді. Бас прокуратураның мәліметінше, алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде 400 мыңға жуық іс қаралған. Оның ішінде 291 мыңнан астамы – балаларды күтіп-бағуға арналған төлемнен жалтарып жүргендер.

Алимент төлемей жүрген екі мыңға жуық адамға іздеу жарияланған. Араларында ер азаматтар көп. Нақтырақ айтсақ, 1476 ер адам және 142 әйел. Олардың жастары 31 мен 40 жас аралығында. Борышкерлердің дені Астана мен Алматы қаласының тұрғындары. Сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Алматы және Маңғыстау облыстарында алимент төлемей жүргендер аз емес.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда алимент қоры құрылмайды. Смайылов себебін түсіндірді.


 

Серіктестер жаңалықтары