Қазақстанда түрлі мәселені шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу дерегі және алаяқтық жиілеп кетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлады.
"Кейінгі үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық фактілері бойынша 600-ден астам қылмыстық іспен айналысты. 313 адам сотталды", – делінген агенттік таратқан хабарламада.
Оқи отырыңыз: "ҚазМұнайГазға инвестиция сал". Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық іс бар.
Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады.