Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда, деп хабарлады ұлттық компания.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар", – деп ескертті компания.
Компания қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алуға шақырады.
Ұлттық компания қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.