Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова қаланың эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтуіне байланысты бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.
Қала тұрғындарына:
- Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алуды қоспағанда, ашық ауада да, үй-жайлардың ішінде де бұқаралық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлары және тағы да басқа) өткізуге және қатысуға;
- Концерт залдары, театр, цирк, түнгі клуб пен караоке қызметіне;
- Діни бірлестік объектілерінде (мешіт, шіркеу, собор, синагога және тағы басқа) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралғылар) өткізуге;
- Конференция, семинар, форум, көрме өткізуге, сондай-ақ оннан көп адаммен жеке кездесу ұйымдастыруға (вакцина алғанына қарамастан) тыйым салынды.
15 қаңтардан бастап спорттық сауықтыру орталықтары, фитнес, йога орталықтары, монша, сауна, бассейндерге Ashyq-та "Жасыл" мәртебесі бар адамдар ғана кіре алады.
Оқи отырыңыз: Үйлену тойы мен жұма намазына тыйым. Елордада шектеу шаралары күшейтілді
Кинотеатрлар 30 пайыз толымдылықпен ғана жұмыс істейді.
Ал қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелде 4 адамнан ғана отыра алады.
Қоғамдық орындарда, қалалық қоғамдық көліктерде бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
"Сонымен қатар, қызметкерлерде Covid-19-ға қарсы вакцинацияның болуына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 70%-ын қашықтан жұмыс түріне көшіріледі",– деп жазылған қаулыда.
Мектептер меншік нысанына қарамастан, қашықтан оқу форматына көшіріледі. Ал, ЖОО мен колледж студенттері үшін дәрістер – онлайн, ал практикалық, семинар, зертханалық сабақтар штаттық негізде өтеді. Вакцина алған студенттерге штаттық негізде оқуды ұйымдастыруға рұқсат беріледі.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды Комирнати (Пфайзер) вакцинасымен ревакцинациялау тапсырылды.
Оқи отырыңыз: "Омикрон" штамының таралуына байланысты жаңа эпидемиологиялық болжам жасалды