Тікелей эфир

Ипотека алып беремін деп 18 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Ол жәбірленушілерден 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ақша алған.

Polisia.kz несие алуға көмектесемін деген желеумен қарағандылық 18 азаматты алдаған алаяқ ұсталғанын хабарлады.

13 және 14 ақпанда Қарағанды қаласының полиция басқармасының Жаңа-Майқұдық бөліміне қала тұрғындарынан бес өтініш түскен. Олардың бәрі ипотека алуға көмектесемін деген сылтаумен ақша алып, содан кейін байланысын тоқтатқан алаяққа қатысты шағым түсірген. Алаяқ жәбірленушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай олардан 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ақша алған.


Оқи отырыңыз: Шымкентте мешітте намаз оқушының телефонын қолды қылған ұрлықшы ұсталды


"Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 49 жастағы әйелді ұстады. Күдікті қылмысын мойындады" делінген сайт хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу бұл алаяқтың тағы 13 қылмыстық іске қатысты екенін анықтады.

Серіктестер жаңалықтары