WhatsApp желісінде топтық чаттар ашып, 35-тен астам жәбірленушіден ақша жинап, соңғыларына аса ірі көлемде материалдық залал келтірген азаматтар кінәлі деп танылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі.
"Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2022 жылғы 26 сәуірдегі үкімімен А. және Т. есімді азаматтар 7 жылға дейін ақша қаражатын тартумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, қаржы пирамидасын құрғаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы)", – деп жазылған хабарламада.
Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың ҚК 55-бабын дұрыс қолданбауына байланысты айыпты адамдардың бас бостандығынан айыру жазасын 6 жыл 8 айға дейін ұзартты. Апелляциялық сатымен үкім сәйкестендірілді.
Сот актілері заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз:
ҚМА World Business Consulting қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Қазақстанда жұмысы күмәнді қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды