Қаржы қызметтерін тұтынатындардың құқығын қорғау мақсатында жұмысы күмән тудыратын ұйымдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
"Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініші мен шағымын қарау, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарын білдіретін қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде түзілді. Қазіргі уақытта тізімге 154 субъект кірген. Тізімдегі субъектілер қаржылық лицензия алмаған және реттелмеген. Тиісінше клиенттердің оларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Осыған байланысты, агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылудың жоғары тәуекелдеріне алып келуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Finiko қаржылық пирамидасының ісі бойынша үш адам қамауға алынды
Күмәнді қаржы ұйымдарының тізімі: