Тікелей эфир

Индонезияда екі ұшқыш әуеде жарты сағат ұйықтап кеткен

Оқиға Сулавеси аралынан ел астанасы Джакартаға ұшып бара жатқанда болған.

АФП агенттігінің мәліметінше, 32 жастағы командир әуе кемесі 11 мың метр биіктікке көтерілген кезде демалып алуды ұйғарып, басқаруды екінші ұшқышқа сеніп тапсырған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оның сенім артқан әріптесі де ұйықтап кеткен. Джакартадағы басқарма орталығы ұшақпен байланысуға тырысқан, бірақ жауап ала алмаған соң дабыл қаға бастаған.

28 минуттан кейін оянған ұшқыштар ұшақтың бағыты өзгергенін байқапты. Абырой болғанда, борттағы 153 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шекпей, ұшақ аман-есен Джакарта әуежайына қонды. Комитет ұшқыштардың аты-жөнін жарияламады, бірақ екеуі де Индонезия азаматтары екен. Қазір олар жұмыстан уақытша шеттетілді.


Оқи отырыңыз: Зерттеу қорытындысы: Қазақстанда жол апаты күзгі мезгілде жиі болады


 

Серіктестер жаңалықтары