Тікелей эфир

Зерттеу қорытындысы: Қазақстанда жол апаты күзгі мезгілде жиі болады

Елде төтенше жағдай режимі енгізілген соң, көктемде жол апаттары азайған.

2020 жылы Қазақстан бойынша 13 515 жол-көлік апаты тіркелді. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда, 19% кем. Сондай-ақ, көлік апаттарының күзде жиі, керісінше көктемде аз екені белгілі болды, деп мәлімдеді Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының зерттеуші мамандары. 

Дәлірек, күзде апаттар төмендегі өңірлерде жиі болады:

  • Алматы қаласы – 57;
  • Алматы облысы – 35;
  • Атырау облысы – 9;
  • Шымкент – 10 ЖКО (100 адамға шаққанда).

Бұл – 2020 жылдың күзінде болған апаттардың 31,4%-ы. 

Жазда:

  • Алматы – 46.

Керісінше ең азы:

  • Шымкент – 7;
  • Нұр-Сұлтан – 9.

Бұл – 2020 жылдың жазында болған апаттардың 26,7%-ы. 

Қыста:

  • Алматы – 39.

Керісінше ең аз:

  • Қарағанды облысы – 8;
  • Шымкент – 8. 

Бұл – 2020 жылы қыста болған апаттардың 24,4%-ы. 

Көктемде:

  • Алматы – 27;
  • Жамбыл облысы – 21.

Керісінше ең азы:

  • Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 6;
  • Шымкент – 6. 

Бұл – 2020 жылы көктемде болған апаттардың 17,5%-ы.  

Былтыр елде ТЖ режимі енгізілген соң, көп өңірде жол жүру қозғалысы шектелді. Осы шектеу көктемде болатын жол-көлік оқиғасының санын азайтты. Алайда күзде апаттар саны қайта көбейген. 

Апат қай айда және қай аптада көп болды?

  • 2020 жылы қыркүйекте – 1 471 ЖКО. Бұл – 2020 жылы болған барлық апаттың 11%-ы;
  • Қазан – 1 462. Бұл 2020 жылы болған жалпы апаттың 11%-ы;
  • Тамыз – 1 389. Бұл 2020 жылы болған жалпы апаттың 10%-ы.  

Керісінше ең азы:

  • Сәуір – 442 жол-көлік оқиғасы. 2020 жылы болған барлық апаттың 3%-ын құрайды. 

Сәуір айында ең көп апат Алматы облысында тіркелді – 82%, ал ең аз – Солтүстік Қазақстанда. Бұл өңірде болған апат саны барлық жол-көлік оқиғасының 1%-ын құрады. 

Статситикалық мәліметтерге сүйенсек, аптаның ең қауіпті күні – дүйсенбі. Бұл күні 2 008 (барлық ЖКО-ның 15%-ы) жол-көлік оқиғасы болған. Керісінше ең аз апат бейсенбі күні тіркелген – 1 775 оқиға. Бұл – 2020 жылы болған барлық апаттың 13%-ы. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары