Тікелей эфир

Hyundai, Chevrolet, Kia. Қазақстандықтар наурызда қандай көліктерді сатып алды?

Қаңтар мен наурыз аралығында ел тұрғындары 37 294 жаңа автомобиль, жүк көлігі мен автобус сатып алды.

Көктемде Қазақстанда көлік саудасы қызып, 13 007 жеңіл автомобиль мен жеңіл коммерциялық техника, 686 жүк көлігі, арнайы техника және автобус жаңа иесін тапты. Бұл үш ай қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже, деп хабарлады Қазақстан АвтоБизнес қауымдастығы. 

Наурызда сұранысқа ие брендтер арасында биыл алғаш рет Hyundai көш бастады. Бір айда 3 757 моделі саудаланған. Екінші орында Chevrolet дилерлері олар. Олар осы айда 3 516 автомобиль кілтін жаңа иесіне тапсырды. Ал үштікті 2 038 моделі өткен Kia түйіндеді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда Қытай автокөліктері көбейді. Олардың орташа бағасы қандай?


Қазақстан зауыттары құрастырған көліктерден бөлек Қытай брендтерін жеткізушілер де белсенді болды. Chery төртінші қатардан көрінді – 712. Ал Toyota 590 машина өткізіп, бесінші орынға тұрақтады. Алтыншы орын алған Exeed-тің 506 моделі иесін тапты. Одан кейін тізімде Jac (362), Changan (314), Haval (310) және Lexus (307) тұр.

Модельдер арасында Chevrolet Cobalt көш бастады. Седанның 2 364 данасы өтті. Hyundai Tucson (1 391) да әдеттегідей екінші орын иеленді. Үшінші орын Kia Sportage (1 062) еншісінде. Одан бөлек тізімде Chevrolet Nexia (865), Hyundai Santa Fe (706), Hyundai Sonata (534), Hyundai Elantra (449), Kia Sorento (381), Chery Tiggo 7Pro (348) және Hyundai Accent (268) бар.

Айта кетейік, биылғы көлік саудасы былтырғы наурызбен салыстырғанда 27,8 пайызға жоғары. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында 37 283 автомобиль өтті, ал былтыр сол кезеңде 22 370 машина сатылған.

Серіктестер жаңалықтары