Тікелей эфир

Ғылым министрі ЖОО неліктен магистр мен доктор дайындаудан қашатынын түсіндірді

Құзырлы министрлік биылдан бастап магистратура мен докторантура грантының құнын өсіруді жоспарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет кулуарында биылдан бастап магистратура мен докторантура гранттарының құны артатынын мәлімдеді.

"Бізде ЖОО-ның басым көпшілігі, өкінішке қарай, әлі зерттеу форматына көшкен жоқ. Оның бірнеше себебі бар. Біріншісі, ЖОО ректорларының, басшылықтарының магистрларды, PhD докторанттарды даярлауға қатты мотивациясы жоқ. Неге десеңіз, магистратура бойынша гранттың құны – 380 мың теңгенің көлемінде. Ал бакалавриаттыкі – 1 млн теңгеге жуық. Сонда ректор "бакалаврды көбірек қабылдасам, ол төрт жылда 4 млн теңге әкеледі" деп ойлайды. Ал магистрді қабылдаса, екі жылда 1 млн теңге де әкелмейді. Сондықтан биылдан бастап біз магистратура, докторантура гранттарының құнын өсіреміз", – деді Саясат Нұрбек.


Оқи отырыңыз: Ғылым министрі магистратура мен докторантураның игерілмеген гранттарына не болатынын түсіндірді


Министр магистратура мен докторантура гранттарының құны кемінде бакалавриат құнымен теңесуі керек деп есептейді. Айтуынша, үш жылдың ішінде грант сомасы 1,5-2 млн теңгенің көлемінде болады.

Серіктестер жаңалықтары