Ашық диалог порталында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек магистратура мен докторантура бойынша игерілмеген гранттар қалай бөлінетінін түсіндірді. Оның айтуынша, оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, магистратура және докторантураға оқуға қабылдау жылына 2 рет өткізіледі.
Сәйкесінше, бірінші ретте игерілмеген гранттарды қысқы қабылдау кезінде жеңіп алуға болады. Ал гранттар екінші кезекте де игерілмесе, олар уәкілетті органдарға қайтарылады.
"Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада қысқы қабылдауға игерілмеген гранттар, оның ішінде нысаналы гранттар білім беру саласындағы уәкілетті органдарға қайтарылады" делінген министрдің жауабында.
Оқи отырыңыз:
- 2023-2024 оқу жылына 88 мыңнан астам оқу гранты бөлінді
- 2023 жылы оқушылар мен студенттер қалай оқиды? Білім берудегі өзгерістерге шолу