Тікелей эфир

"Forbes тізіміндегі кәсіпкерге заңсыз берілген". Алматы облысында 3 500 жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Қазір жерді жергілікті тұрғындарға қоғамдық жайылым ретінде беру бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы 3 500 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол жер 2017 жылы Forbes тізіміндегі белгілі кәсіпкерге шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген. 

"Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау үшін бұл жерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүріп жатыр", – делінген облыс прокуратурасы таратқан хабарламада. 


Оқи отырыңыз: "25 мың гектарды кепілге қойып, банктен миллиардтар алған". СҚО-да 200 тұрғын жерінен айырылып қалғанын айтты


Сонымен қатар жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың гектар жер, кадастрлық құны 714 млн теңге мемлекет пайдасына қайтарылды.​ 

Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмаған. Жем-шөп дақылдары өсірілмеген, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған.

Ал басқа фермерлер егістік пен жайылым жерлеріне өте мұқтаж болған.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары