USDUSD: 499.5 / 504.5
  • EUREUR: 522.0 / 527.0
  • RUBRUB: 5.31 / 5.43
Тікелей эфир
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -8°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -3°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -5°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -13°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -8°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -3°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -5°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -13°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент

Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

Жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты сияқты мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді.

ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа туған балаларға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) беру бойынша пилот жобасын іске қосты. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлады.

"Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш білдіргеннен кейін ғана берілетін. Сол себепті біраз бала ата-аналары мұндай куәлікті алғанға дейін есепке алынбайтын. Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, оның негізінде баланың ЖСН-ы қалыптасады", – делінген хабарламада. 

Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетіледі. Олар:

  • бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу;
  • жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу;
  • бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем.

Жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) сияқты мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді (үш жұмыс күні ішінде жауап беру керек). Деректер алынғаннан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары