Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімде ресейлік ЖОО-лар да бар, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
"Тізімге Николай Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, "MИФИ" ұлттық зерттеу ядролық университеті, Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: "Болашақпен" білім беретін ЖОО қатары ресейлік 5-10 университетке артса, бұл қауіп емес, мүмкіндік
Министрлік қазіргі уақытта "МИСиС" ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұдан өзге "Болашақ" алдағы уақытта ауқымын басқа елдермен және университеттермен кеңейтетінін атап өтті.
Еске салсақ, білім вице-министрі грант жеңіп алған ғалымдарға жалақы төлеу тоқтатылмайтынын мәлімдеген еді.