Тікелей эфир

Елорда халқы 2030 жылға қарай 2 миллионға жетеді – сарапшылар болжамы

Соңғы 25 жылда Астананың аумағы 3 есе ұлғайып, халқының саны 4 есе өсті.

Сарапшылар алдағы жеті жылда Астана қаласы халқының саны 2 миллион адамға жетеді деп болжап отыр. Бұл туралы бауырлас қалалар форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

"Орнықты даму саласындағы БҰҰ мақсаттарының бірі қаланы дамытуға арналған. Бұл кездейсоқ емес. Қазақстанда біз осы бағытқа ерекше назар аударамыз. Әлемнің жылдам дамып келе жатқан астаналарының қатарына кіретін елордамыз басқа қалалардың дамуына үлгі болады. Өткен ширек ғасырда еліміздің бас қаласының аумағы 3 есе ұлғайып, халқының саны 4 есе өсті. Сарапшылардың болжамы бойынша елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 2 миллионға жетеді. Ел астанасы мәртебесіне ие болған сәттен бері қаланың экономикалық әлеуеті 100 еседен астам артты. Қазір қала экономикасы елдегі жалпы ішкі өнімнің 10 пайыздан астамын құрайды", – деді президент.  


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Астана қаржы орталығы Қазақстанға 8 млрд доллар инвестиция тартты


 

Серіктестер жаңалықтары