Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Қаржы орталығының елімізге 8 млрд доллар көлемінде инвестиция тартқанын мәлімдеді.
"Астана – болашағы зор қала. Осы орайда, біз "жасыл қала" идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы. Әлемнің 75 елінің 2 мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдады. Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – жақсы көрсеткіш", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы деп атайтынын тілге тиек етті.
"Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер осында бітімге келді. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Мен бұған кәміл сенемін", – деді президент.