Тікелей эфир

Елде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25% қымбаттады

Сектордағы бағаның ең аз өсімі Маңғыстау облысында тіркелді.

Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, жиһаз бен тұрмыстық заттар бір жылда бірден 24,6% қымбаттады. Бір жыл бұрын сектордағы баға 13,3% өскен еді, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

ҚР өңірлерінің ішінде жиһаз мен тұрмыстық заттар бағасының ең көп жылдық өсімі Астанада байқалды: бірден 53,1%. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары: тиісінше 41,6% және 39,4%.

Сектордағы бағаның ең аз өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 7,8%. Одан кейін Павлодар және Жамбыл облыстары: тиісінше 11,7% және 14,5%.

"Жиһаз сегментінде жатын бөлме жиһаздарының бағасы айтарлықтай өсті: бір жылда 28,2%. Көйлек пен ішкиімге арналған шкаф 27,7%, үстел 23,9%, диван-төсек 23,2%, орындық 21,9% қымбаттады. Ай сайынғы өсу динамикасын қарастыратын болсақ, биыл сектордағы бағаның ең көп айлық өсімі наурызда байқалды: 2,3%. Мамырда жиһаз және тұрмыстық заттар 0,5% қымбаттады", – делінген ақпаратта. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында тауық еті бір жылда 56 пайыз қымбаттады 


Айта кету керек, бұған дейін, 2020-2022 жылдар аралығында бағаның ең көп айлық өсімі маусым айында, ал әр жылдары: 2020 және 2021 жылдары – 1,9%, 2022 жылы – бірден 6,2% өскен. Ал осы жылдың маусым айының қорытындысын күтейік, қымбатшылық динамикасы жалғаса ма әлде осы деңгейде қала ма?

"Биыл қаңтар-сәуір айларында жиһаз өндірісі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. 2023 жылғы қаңтар-сәуірде металл жақтаулары бар орындық және басқа да арнайы отыратын жиһаздар өндірісі 312,1 мың дана болды, бұл 2022 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 18,1% аз. Ағаш кеңсе жиһазының өндірісі 76,6 мың дананы құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,6% аз", – делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ ас үй жиһазы өндірісі айтарлықтай төмендеді: биыл қаңтар-сәуірінде бірден 28,4%, 28,1 мың данаға дейін азайды.


Оқи отырыңыз: Бір жылда қарақұмық жармасының бағасы 33% қымбаттады


Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз өндірісі 6,2%, 24,1 мың данаға; жатын бөлмеге арналған басқа да ағаш жиһаздар (төсек пен гардеробтардан басқа) 16,7%, 14,4 мың данаға дейін төмендеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары