Тікелей эфир

ДСМ: Қызылшаға шалдыққан балалардың 80 пайызы екпе алмаған

Науқастар, әсіресе, Шымкент, Алматы қалалары мен Жамбыл облысында көп тіркелген.

Қазақстанда қызылшамен ауырған 14,4 мың баланың 80 пайыздан астамы егілмеген, оның жартысынан көбі ерікті түрде бас тартудың себебінен болып отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Министрдің мәліметінше, республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оның ішінде 82 пайыздан астамы немесе 14465 жағдай балаларға тиесілі, оның 83 пайызы вакцинация алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60 пайызы ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар. 

Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкентте – 3 016 жағдай, Алматыда – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді.

Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар, төсек 59,5%, резерв – 1093. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қызылшаға қарсы 29 мың вакцина қалды


Эпидемиологтар 2023 жылы әлемде қызылшаға тән кезекті циклдік көтерілу, сонымен қатар, халықтың иммундық емес тобының жинақталуы инфекция толқынын күшейтетінін атап өтті. БҰҰ деректері бойынша әлемде 67 миллионнан астам бала пандемияға және вакциналарға деген сенімнің төмендеуіне және басқа да бірқатар факторларға байланысты жоспарлы иммундауды өткізіп алды. Осыған байланысты, 415 мыңнан астам жағдай тіркелген әлемнің 167 елінде қызылша бойынша жағдайдың күрделенуі байқалады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары