Доллар бағамы 497,02 теңге деңгейінде тіркелді.
Қазақстанның валюта айырбастау пунктілерінде АҚШ долларын сату және сатып алу бағамдары көтерілді. Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 508-508,5, ал сату бағамы – 510-514.
Елорданың көптеген айырбастау пунктілерінде доллар мен еуро сатылымда жоқ. Ал валюта бар жерде долларды 507-508,5 теңгеден сатып алып, 514 теңгеден сатып жатыр. Сондай-ақ, айырбастау пунктілерінде рубль бағамы төмендеді: сатып алу орта есеппен – 4,77 теңге, сату – 5,24.
KASE-дегі таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 497,02 теңге деңгейінде тіркелді.
Оқи отырыңыз: Қазір доллар не бағасы құлдыраған акцияларды сатып алу тиімді ме?