Тікелей эфир

"Дипломмен ауылға" жобасына өтінішті енді онлайн беруге болады

Жоба шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады.

Азаматтардың уақытын үнемдеу және мемлекеттік қолдауға ие болу процесін жеделдету үшін "Дипломмен ауылға" жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтар өз өтінімін otbasybank.kz порталы арқылы жібере алады, деп хабарлады "Отбасы банк" баспасөз қызметі. 

"Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген, бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіп бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері. Аудан әкімдері мен облыстық маңызы бар қала әкімдіктері осы мамандықтар бойынша талап ететін қызметкерлердің тізімін жасайды. Несие осы тізімке сәйкес беріледі", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап артады


Несие шарты:

  • қарыздың ең жоғары сомасы – 1500 АЕК;
  • ең көп мерзімі – 15 жыл;
  • мөлшерлеме – 0,01%;
  • қарыз маман жұмыс істейтін жерде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі;
  • жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

"Қазіргі уақытта мұндай қарыздарды 38 000 қазақстандық алды. Енді "Дипломмен ауылға!" жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара", – делінген банк хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: 2023 жылы бала босанғандар қанша теңге жәрдемақы алады? Әйелдерге пайдалы ақпарат


Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады.

Банк клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:

  • Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп, оның көмегімен шот және депозит ашу;
  • ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;
  • жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.

"Дипломмен ауылға" жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Мұнымен қатар, жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.


Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасына құжат қабылдаудың екінші легі басталды


 

Серіктестер жаңалықтары