Тікелей эфир

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап артады

Әлеуметтік төлемдер 14,5%-ға индексацияланады.

Үкімет еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған адамдарға төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 1 шілдеден бастап 14,5 пайызға арттыру туралы қаулы жобасын жариялады.

"2023 жылғы 1 шілдеге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 шілдеден бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 14,5 пайызға арттыру жүргізілсін" деп жазылған қаулы жобасында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 14,5%-ға индексациялау жолымен жүзеге асырылады.


Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 14,5 пайызға артады


Құжат жобасын талқылауға 13 сәуірге дейін қатысуға болады. 

Атаулы әлеуметтік көмек туралы:

Серіктестер жаңалықтары