Жаңа оқулықтар 2023-2024 оқу жылынан бастап қолданысқа енгізілмек.
Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған министрлік бұйрығының жобасынан белгілі болды.
Жобаға сәйкес, мектеп оқулықтарының тізіміне келесі кітаптар қосылады:
- 5, 6, 7 сыныптарға арналған "Француз тілі";
- 6, 7, 8 сыныптарға арналған "Неміс тілі";
- 9 сыныпқа арналған "Зайырлылық және дінтану негіздері" пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер;
- 7, 8, 9, 10 сыныптарға арналған "Алгебра", "Геометрия", "Биология" қостілді оқулықтары;
- көзі көрмейтін білім алушыларға арналған Брайль қарпімен әзірленген 4, 6 сыныптарға арналған оқулықтар;
- көзі нашар көретін білім алушылар үшін үлкейтілген қаріпті 10, 11 сыныптарға арналған оқулықтар;
- 1-11 сыныптарға арналған жаңа цифрлық оқу басылымдары.
Оқи отырыңыз:
- Мектеп оқулықтарын таңдауға оқушылар мен ата-аналар да қатыса алады
- Оқулықта қандай қателер болса, баспалар оны түзетіп қайта басады?
- Айгүл Ісмақова: Оқулық авторлары ауысып тұрмаса, жаңа Байтұрсынұлы шығуы мүмкін емес
Оқу-ағарту министрлігінің түсіндіруінше, оқулықтар тізімі білім беру ұйымдарының білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктері ескеріліп, жаңартылмақ. Тізімге енетін жаңа оқулықтар 2023-2024 оқу жылында қолданылады.
Құжат жобасы 13 ақпанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.