Тікелей эфир

Дәмсіз, тұзы мен қанты көп тағамдар. Мектеп асханаларында қандай мәселелер бар?

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың мектепке үйден тамақ әкелуіне рұқсат бермек.

Оқушыларға өзімен бірге тамақ алып келуіне мүмкіндік беру мәселесі қарастырылып жатыр, деді оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев аппарат жиналысында жасаған баяндамасында.

"Ата-аналар бұл бағытта да өте көп ұсыныс жасаған еді. Жалпы, мектеп асханасында әзірленетін астың балалардың ерекшелігіне жиі сәйкес келмейтініне байланысты кейде ата-аналар балаларына тиісті тамақты беріп жібереді, Мектептерде сол балалардың сапалы тамақтануына мүмкіндік жасау мәселесі де қарастырылып жатыр", – деді вице-министр.

Сонымен қатар Ғани Бейсембаев асханасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі енгізілген мектептер қатары артып келе жатқанын айтты. Дегенмен, бұл бағытта тиісті жүмыс атқара алмай отырған өңірлер қатарында Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облыстары бар екенін атады.


Оқи отырыңыз:


Вице-министр бүгінгі таңда мектеп асханасында қандай мәселелер бар екенін де атап өтті. Айтуынша:

  • тамақ әзірлеу технологиясы ішінара бұзылып отырады;
  • ас әзірлеу барысында тыйым салынған өнімдер қолданылады;
  • буфеттік өнім мен тағам тізіміндегі ас мәзірлерінің тізімінің ішінара жеткіліксіздігі;
  • тағамдарда тұз бен қанттың аса көптігі. Бұл Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының көрсеткішімен салыстырғанда өте жоғары;
  • тағамдардың дәмсіз болуы.

Вице-министр бұл үшін арнайы зерттеу жүргізіліп, ас әзірлеу технологиясының картасы әзірленіп жатқанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары