Тікелей эфир

Chevrolet, Hyundai, JAC. Қандай көліктерді несиеге алуға сұраныс жоғары?

ҚАБА өкілі бағдарлама аясында қазақстандықтардың 32 көлік түрінің бірін таңдай алатынын айтты.

Маусым айында зауыттарға 2 500-ден астам автокөлік жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Ал шілде айынан бастап жеткізілетін Hyundai көліктерінің саны 4 мыңнан асады, деп мәлімдеді Қазақстан автокөлік бизнесі ассоциациясының техникалық бағдарлау бойынша директоры Ербол Сейпілов.

"8 мың автокөліктің ең көп бөлігі – Chevrolet. Соңғы айларда көбінесе осы брендті сатып алып жатыр. Екінші орында – Hyundai, ары қарай JAC, Kia және Lada. Автомобильдерді жеткізу мәселесіне келетін болсақ, автомобиль зауыттары өз жоспарына сай жұмыс істеп жатыр. Олар мүмкіндігінше өндіріс көлемін ұлғайтуда. Жалпы дилерлер орталықтарына автокөліктер апта сайын жеткізілуде", – деді Қазақстан автокөлік бизнесі ассоциациясының өкілі Қайрат Еламанов.

Ербол Сейпілов бағдарламаның алғашқы күндері Hyundai зауытының автосалондарға 1800-ден астам көлік жеткізгенін айтты. Бұл көліктер бірден брондалған.


Оқи отырыңыз: Автонесиеге 5 мыңға жуық өтінім мақұлданып, 34 көлік иесін тапты 


"Қазір, нақты маусым айында зауыттарға 2500-ден астам көлік жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Шілде айынан бастап ай сайын 4 мыңнан астам Hyundai автокөлігі болады. "Сарыарқа АвтоПром" ЖШС бойынша 32-ден астам көлік моделі бар. Олардан Қазақстан бойынша төрт мыңнан астам көлік болды, сондай-ақ, зауыттарда 3500-нан астам автокөлік тұр. Жаздан бастап ай сайын 6900-ден астам автокөлік жеткізіледі", – деді Ербол Сейпілов. 

 

Бұдан өзге ол көліктердің сапасы үшін алаңдауға еш негіз жоқ екенін атап өтті.

"Елде және ТМД елдерінде шығарылатын көліктердің барлығы халықаралық талаптарға сай келеді. Бұл көліктер тұтынушыларға берілмей жатып бірнеше тексеруден өтеді. "Көлікті мақұлдау типі" деген арнайы құжат бар. Аталған құжатты алу қиын. Өйткені оған еуропалық хаттама, сертификат, декларация кіреді. (...). Сол себепті қауіпсіздік жағынан ешқандай күмән болмауы керек", – деді Ербол Сейпілов. 

Серіктестер жаңалықтары