Бағдарлама басталғалы 14 507 өтінім қабылданды. 35,7 млрд теңгеге олардың 4 834-і мақұлданды, деп мәлімдеді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева.
"Дәлірек Банк Центр кредит – 2 857, Еуразия банкі – 2 013 өтінімді мақұлдады. 34 көлік өтінім берушілерге табыс етілді", – деді Жанар Ибрашева.
- Нұр-Сұлтан – 11;
- Алматы – 4,
- Ақтөбе облысы – 3;
- Алматы облысы – 1;
- БҚО – 1;
- Жамбыл облысы – 4;
- Павлодар облысы – 4;
- Шымкент – 6.
Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие: Талапқа қандай көліктер сәйкес келеді?
"Бағдарламаны іске асыру басталғалы бері азаматтардың өтінішімен екінші деңгейдегі банктерге төлеуге шот ұсыну үшін автомобильдің VIN кодының болуы бойынша талап алынып тасталды. Мұнымен қатар, КАСКО сақтандыруына қатысты көптеген ақпарат келіп түсіп жатыр. Осы орайда қор азаматтарға қаржылық жүктемені азайту үшін қатысушы банктерге жыл сайынғы негізде сақтандыру туралы шарт жіберді", – деді "Өнеркәсіпті дамыту қорының" өкілі.
Қор бір жағдайда ғана азаматты (егер ол екі жылда бір рет қана өтінім беру арқылы көлік алу туралы ережені бұзса) көлік алу тізімінен шығарып тастай алады.
"Басқа келісім түрін жүргізіп жатқан жоқ. Бұл қор тексеретін жалғыз шарт және оны тексеруге бір жұмыс күнінен артық уақыт кетпейді", – деп қосты Жанар Ибрашева.