Доллар бағамы 4,66 теңгеге көтерілді.
Ұлттық банк 24 қарашаға Қазақстандағы шетел валюталарының ресми бағамын белгіледі.
Доллар бағамы 4,66 теңгеге өсіп, 461,17 теңгені құрады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 461,1 теңгеден сатып алынып, 464 теңгеден сатылуда.
Рубльдің ресми бағамы 0,05 теңгеге өсіп, 5,23 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындарында рубль 5,09-5,12 теңгеден сатып алынса, 5,24-5,27 теңгеден сатылуда.
Оқи отырыңыз: АҚШ-тың қарызы 31 трлн доллардан асты. Оның Қазақстанға әсері қандай?