Тікелей эфир

Бір мектепті 7 жылдан артық басқарған басшылардың қызметі тексеріледі

Оқу министрінің сөзінше, бір қызметті ұзақ атқару жемқорлық тәуекелін күшейтеді.

Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бір мектепті 7 жылдан аса уақыт басқарған директорларды тексеріді жоспарлап отыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорғанда білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәлелері бойынша өткен жиында министрлік Антикормен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізіп жатқанын айтты.

"Сараптаманың алдын-ала нәтижелері  бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір  қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды", – деді Ғани Бейсембаев.


Оқи отырыңыз: Оқу министрі: "Алтын белгі" баладан гөрі ата-ананың мақтануы үшін қажет сынды


Министрдің айтуынша, мектеп директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резервін қалыптастыру қолға алынады.

Серіктестер жаңалықтары