Қазақстанда ата-аналар баласының "Алтын белгі" алуы үшін түрлі заңсыз әрекетке барады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазды ҚазАқпарат.
"Алтын белгі" баладан гөрі ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, баласы "Алтын белгі" алуы үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда "бұл белгіні беру қаншалықты қажет?" деген сұрақпен жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек", – деді министр Ғани Бейсембаев.
Оқи отырыңыз: "Алтын белгі", "Алтын алқаның" сатылуы – марапат құны қалмағанының белгісі ме?
Айта кетейік, Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов және оқу-ағарту министрінің қатысуымен жиын өтіп жатыр.