Тікелей эфир

"Бетін бүркеп алған әйелдер бар". Қазақстанда кімдерге діни уағыз айтуға тыйым салынған

"Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң бойынша имам-ұстаздарға ғана уағыз айтуға рұқсат.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әлеуметтік желіде теріс уағыз айтатындарды тағы сынға алды. Оның айтуынша, Қазақстанда "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң бойынша ҚМДБ уәкілеттік берген адам ғана ислам дініне қатысты рәсімдер мен уағыз-насихат жұмысын жүргізуге құқылы. Сәйкесінше, имам-ұстаздардан басқа адамдарға діни уағыз айтуға тыйым салынған. 

"Кейінгі кездері әлеуметтік желіде "уағыз айтатындар" пайда болды. Тіпті араларында бет-жүзін көрсетпей, бүркеніп алған әйелдер де жүр. Олардың мұндай әрекеті қоғам үшін қатерлі... Өкінішке қарай, қазір қоғамда имам, ұстаз, молда атын жамылған адамдар жұртшылықты адастырып жүргені де байқалады. ҚМДБ қызмет жүйесінде жұмыс істемейтін, ресми құзыреті жоқ жеке тұлғаларға мешітте уағыз-насихат жүргізуге тыйым салынған. Сондықтан халық әлеуметтік желілердегі "уағыз жүргізушілерден" сақтанғаны дұрыс", – деді бас мүфти "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында. 

Бұл ретте ол жақында "Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті" атты тұ­ғырнама қабылданғанын еске салды. Бұл құжат дін қызметкерлеріне үлкен жауап­кершілік жүктейді.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары