Тікелей эфир

Қазақстанда діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі

ҚМДБ "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасын қабылдады.

Бүгін Астанада өткен І республикалық уағызшылар форумында "Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті" тұғырнамасы қабылданды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұровтың айтуынша, тұғырнамада халық арасында уағыз айтып, жамағатқа адал мен арамды түсіндіріп жүретін имамдарға қажетті ереже-қағидалар қамтылған.

"Бұл құжаттың мақсаты – ҚМДБ-на қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігін қамтамасыз ету, дін қызметкерлеріне дініміздің құндылықтарын дұрыс бағытта дәріптеу үшін бағыт-бағдар беру, уағыз-насихат айтудың методикасына назар аудару және діни уағыз-насихаттың моделін қалыптастыру", – деп атап өтті Батыржан Мансұров.

Еске салайық, әлеуметтік желілер арқылы қате уағыз айтатын, үндеу жасайтын дін өкілдерінің көбейгенін айтып, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ескерту жасаған болатын. 


Оқи отырыңыз: "Құдайдың аманатына қиянат". Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады


"Біздің наиб-мүфтилеріміз, уағыз-насихатқа жауапты азаматтар өңірлерге барған кезде қателескен дін қызметкерлері болса, жолығып, насихат жұмыстарын жүргізеді. Әйтпесе, елді, жамағатты шатастыру – күнә. Ал имамдар бірін-бірі әлеуметтік желіде сынағаннан гөрі, қателікті ушықтырудан гөрі, алдын алып отырған дұрыс", – деген болатын бас мүфти.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары