USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -9°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Базалық мөлшерлемені 10-12 пайызға төмендету: Ұлттық банк ұстанымы қандай

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазақстанда 2025 жылдың қаңтарында инфляция 8,9 пайызды құрады. 20 қатарда базалық мөлшерлеме 15,25 пайыз болып белгіленді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәжілістегі "Ақ жол" фракциясы депутаттарының базалық мөлшерлемені 10-12 пайызға төмендету және осы деңгейде ұстап тұру туралы ұсынысына жауап берді. 

Тимур Сүлейменовтің түсіндіруінше, базалық мөлшерлемені белгілеуде инфляция көрсеткішінен халықтың инфляция бойынша не күтетіні маңызды. 

"Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылғы желтоқсанда инфляция 8,6% деңгейінде қалыптасты. 2025 жылдың қаңтарында ол 8,9%-ке дейін өсті. Алайда халық оны бұдан да жоғары бағалайды: 2024 жылғы желтоқсандағы сауалнамаға сәйкес, азаматтар бағаның 13,2%-ке өскенін сезінеді. Сонымен қатар, олардың күтулері бойынша, келесі жылы инфляция 14,6%-ға дейін жететін болады. Инфляциялық күтулер – экономикаға тікелей әсер ететін маңызды фактор. Егер халық пен бизнес болашақта бағаның одан әрі өсетініне сенімді болса, онда олар алдын ала жалақыларды көтереді, тауарлар мен қызметтер бағасын ұлғайтады. Бұл инфляциялық шиыршығының қалыптасуына, яғни инфляцияның өздігінен үдеуіне алып келеді. Мұндай жағдайда базалық мөлшерлемені төмендету елеулі салдарға әкеледі", – деді Ұлттық банк төрағасы. 


Оқи отырыңыз: ҚҚС – 16%, 10%, 0%: Салық реформасын талқылау бойынша 6 жұмыс тобы құрылды


Тимур Сүлейменовтың сөзінше, егер мөлшерлеме инфляция деңгейінен және халықтың, кәсіпорындардың, қаржы ұйымдарының күтулерінен төмен болса, онда қазіргі кезде 32 трлн теңгені құрайтын теңгелік салымдар депозиттік мөлшерлемелердің төмен болуына байланысты өз тартымдылығын жоғалтып, айтарлықтай қысқарады.

"Базалық мөлшерлеме банктік өнімдердің құнын айқындайтын жалғыз фактор емес екенін атап өту маңызды. Олардың құны күтілетін инфляция мен қаржыландыру құнынан бөлек, несие тәуекелдері мен операциялық шығындарды да қамтиды. Нәтижесінде, қаржы ұйымдарының экономикаға несие беруін шектеуі мемлекеттің одан да белсенді әрі тұрақты араласуын талап етеді және бюджеттік шығыстардың айтарлықтай ұлғаюына алып келеді", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары