USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -15°C Астана
  • -2°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -18°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -18°C Семей
  • -10°C Талдықорған
  • 0°C Тараз
  • +1°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -21°C Өскемен
  • +1°C Шымкент

Бас мүфти облыстардың бас имамын ауыстыруды жалғастырды

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Бүгін екі өңірдің бас имамы тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысының бас имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалса, Шығыс Қазақстан облысының бас имамы қызметіне Думан Сайфулла кірісті. 

Тағайындау рәсіміне арнайы келген ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы өңірдің дін қызметкерлері мен жамағатына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, бұйрықты оқып берді.

Жамбыл облысында бұған дейін бас имам және "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры қызметін атқарып келген Бейбіт Әліпбекұлы жаңа қызметке ауысты. Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы жаңадан тағайындалған бас имам Асқар Зәкіржанұлына сәттілік пен береке тіледі. 

Ал Шығыс Қазақстан облысының жаңа бас имамы Думан Сайфулла еңбек  жолын  Алматы қаласы мешіттерінде діни қызметтен бастап, Имамдардың білім жетілдіру институтында ұстаз, әр жылдары Абай облысы Аягөз ауданында бас имам, Астана қалалық "Әлжан ана" мешітінің бас имамы және осы күнге дейін ҚМДБ орталық аппаратында Уағыз-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қатарлы қызметтерді абыройлы атқарған.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының бас имамы болып қызмет атқарған Ермек Қасболатұлы жуырда ғана ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен наиб мүфти болып тағайындалған болатын. 


Оқи отырыңыз: Мұсылмандар бүгін Бараат түнін өткізеді. Хадис бойынша, үш күн ораза ұстаған абзал


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары