Тікелей эфир

"Балам сабағын тау-тасқа шығып қарайды". Алматы іргесіндегі ауыл мен саяжай тұрғындары интернетке шағымданды

Мердігер компания өкілі тоғыз айдан бері мұнараға орнатылатын құрылғының құрастырылғанын күттік деп ақталды.

Алматының іргесінде бір ауыл мен бірнеше саяжай әлі күнге дейін ұялы байланыссыз отыр. Айтуларынша, әкімдік өкілдері былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін мұнараны тұрғызып, қажетті құрылғыларды орнатамыз деп уәде еткен. Алайда арада бір жыл өтсе де не мұнара, не байланыс жоқ, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Ауыл тұрғыны интернет үшін көрші қала мен ауылға баруға мәжбүр екенін айтады. 

"8 км қашықтықтағы Қаскелеңге барамыз. Бірде төбеге, енді бірде басқа жотаға шығамыз. Қыстың қырауында мұғалімдер түрлі тапсырма береді. Тақырыпты қарау үшін тағы интернет керек", – деді Батан ауылының тұрғыны Теміркүл Яхиақызы. 


Оқи отырыңыз: Бағдат Мусин: Алаяқтар қоңырау шалса, қазақша жауап беремін


Тұрғындардың пікірінше, Алматының іргесінде отырған ауылда байланыстың болмауы – парадокс. Ал округ әкімі мердігер компаниямен келіссөз жүргізілгенін айтты. 

"Конкурстары өтпей қалған сияқты. Соған байланысты осы жылға қалып отыр. Биыл хат жазғанбыз. Ол хатқа ресми жауап берді. 2023 жылдың тамыз айының аяғына дейін қоятынын айтты", – деді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Еламан Өмірбаев.  

Мердігер компания өкілі тоғыз айдан бері мұнараға орнатылатын құрылғының құрастырылғанын күттік деп ақталды. Енді бірнеше күн ішінде жабдықты қойып бермек. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары