Үкімет кулуарында журналистер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен телефон және интернет алаяқтарымен күрес жұмыстары туралы сұрады. Министрдің айтуынша, телефон-алаяқтары оған да қоңырау шалған.
"Маған да алаяқтар қоңырау шалды. Менің оларға жауабым қарапайым: үнемі қазақша жауап беремін. Телефонды өздері қоя салады", – деді министр.
Оқи отырыңыз: "Ұлттық банк қызметкерімін". Телефон-алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды
Сонымен қатар министр алаяқтар пайдаланатын телефон нөмірлерін бұғаттауға арналған жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.
"Біз Цифрлық министрлік ретінде байланыс операторларымен бірлесе отырып, ауыстырылған нөмірлерді бұғаттау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Шетелден шалынған қоңырау роуминг арқылы өтеді. Операторларымыз оны кәдімгі қоңырау ретінде қабылдайды. Бұл интернет-алаяқтықтың жаңа түрі. Роумингтен қоңырауды блоктау үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз, тестілеу жүргізілді. Екі оператордың дайындығы жоғары. Жұмыс аяқталғаннан кейін біз бұл технологияларды қолданысқа енгіземіз", – деді Бағдат Мусин.
Оқи отырыңыз: Телефон алаяқтары көбейді. Оларды қалай анықтауға болады?