Тікелей эфир

Балабақшаларда сабақ кестесі болмайды

Сабақ кестесі тек мектепалды даярлық топтарында қалдырылған.

Балабақшалардағы сабақ кестесі алынып тасталды, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ директоры Манара Адамова. Оның айтуынша, сабақ кестесі тек мектепалды даярлық топтарында ғана болады.

"Себебі, ата-аналар мектепке дайындықты баланы партаға отырғызып қойып, сабақ оқыту деп түсінеді. Ал бес жасар бала олай тәрбиеленбейді. Оның дамуы қимыл-қозғалыспен, ойынмен, ойлаумен қатар жүреді. Сондықтан сабақ кестесін тек мектепалды даярлық сыныптарында қалдырдық. Қалған топтарда, сыныптарда сабақ кестесі, 15-20 минуттық сабақ жоқ. Он бес минутқа сабақ жоспарлап, мақсат-міндетін айқындап, күтілетін нәтиже қойып, сол уақытта баланың айтылғандарды қағып алуын талап ету мүмкін емес", – деді институт директоры.


Оқи отырыңыз:


Сол себепті жаңа оқу бағдарламасында күтілетін нәтижеге жыл соңында, бала екі жасқа толық толғанда не біліп шығу керек екені жазылған.

"Біз бала балабақшаға келгеннен бастап, үйге қайтқанға дейін тәрбиеленетінін естен шығармауымыз керек. Қазір қабылданған үлгілік оқу жоспары мен бағдарламада тәрбие өлшемі бұрынғыдай сағат санына бөлініп өткізілетін сабақтармен ғана өлшенбейді. Тәрбиешілер балабақшаның режиміне сәйкес, бала серуенде жүргенде немесе баланы ойнатып отырғанда да тәрбие жұмысын жүргізеді. Себебі, бала тек үйретумен ғана емес, көріп-тану арқылы да тәрбие алады. Сондықтан барлық пресоналдың тәрбиесі, үлгі-өнегесі тәрбиеге кіретін кешенді жұмыс болғандықтан, осының бәрін ескеру керек", – деді Манара Адамова.

Серіктестер жаңалықтары