Балабақша жұмысын 19.00-ге дейін ұзарту – Оқу министрінің жауабы қандай

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ғани Бейсембаев бұл мәселе Астанада кезекші топтар арқылы шешілгенін айтты.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың Астанадағы балабақшалардың жұмыс уақытын кешкі 19.00-ге дейін арттыру ұсынысына орай, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді

Министрдің айтуынша, бұл мәселе бас қалада кезекші топтар арқылы шешіліп отыр. 

"Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында кешкі кезекші топтарды ұйымдастыру қала әкімдігінің қаулысымен  шешілген мәселе. Елордада бүгінгі күні 165 мектепке дейінгі ұйымда ата-аналардың сұранысымен сағ. 18.00-ден кейін жұмыс істейтін кешкі кезекші топтар ұйымдастырылған және 58 мемлекеттік, 107 жекеменшік балабақшада 1 650 бала қамтылған", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев. 

Министрдің түсіндіруінше, Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларында балабақшалардың 5 күндік жұмыс аптасындағы 10,5, 12, 24 сағаттық жұмыс ұзақтығы және 6 күндік жұмыс аптасындағы 10, 12, 24 сағаттық жұмыс ұзақтығы қарастырылған. Бірақ, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру жергілікті атқарушы органның, яғни әкімдіктің құзыретіне жатады. 


Оқи отырыңыз: 


"Жергілікті атқарушы орган өз құзыреті мен қаражат көлемінің шегінде ата-аналардың сұраныcына және қажеттілікке қарай тиісті шешім қабылдай алады", – деді министр. 

Еске салайық, мәжіліс депутаты кезекші топтар тәжірибесін Астанадағы балабақшалардың бәрінде енгізуді сұраған болатын. Оның айтуынша, балабақшалар көп жағдайда сәбилерді қарауылдың қасына қалдырып кетеді.

Серіктестер жаңалықтары