Сондай-ақ, ваучерлік қаржыландыру жүйесі жыл соңына дейін Қазақстан өңірлерінің бәрінде іске қосылады.
Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр, деп хабарлады Үкімет сайты.
Үкімет ақпаратына сәйкес, биыл мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруде келесі көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген.
Мектепке дейінгі білім беру:
мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттырылады;
мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады;
500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады;
барлық өңірлерде «Қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.