Тікелей эфир

"Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтары тағы 2 жылға шегеріледі

"Союз-5" зымыраны тек 2025 жылдан кейін ғана сынақ үшін ұшырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы хаттамаға сәйкес, "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізіледі. Оның аясында "Бәйтерек" ғарыш кешенінен "Союз-5" зымыранын ұшыру мерзімі тағы 2 жылға – 2025 жылға шегерілмек. Еске салайық, бұған дейін сынақ түріндегі ұшыру мерзімі 2022 жылдан 2023 жылға қалдырылған болатын.

"Хаттамаға қол қою "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінің 2023 жылдан бастап 2025 жылға дейін орта класты тасымалдағыш зымыранның ұшу сынақтарының басталуын ауыстыруға мүмкіндік береді", – делінген құжат жобасының түсіндірме жазбасында.

Сәйкесінше, 2025-2027 жылдары "Союз-5" зымыраны сынақ үшін үш мәрте ұшырылады. Тек содан кейін ғана, яғни 2028-2039 жылдары кешеннен ғарыш аппараттары орбитаға ұшырыла бастайды.


Оқи отырыңыз: Байқоңыр: берекелі тұрмыс шешімдері


Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 7 тамызға дейін.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары