Тікелей эфир

Бағдат Мусин: Мемлекеттік қызметшілерге 450 планшет таратамыз

Министрдің айтуынша, бұл мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқарту мақсатында беріледі.

Мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқарту мақсатында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратылып жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады.

"Алдағы уақытта 450 планшет қосымша берілетін болады", – деді министр.

Сонымен қатар Бағдат Мусин Smart Data Ukimet сервисінде бар ақпаратты сұрау жасауға тыйым салынғанын атап өтті. Алдағы уақытта бұл порталда 900 есеп қолжетімді болады.

Министрдің айтуынша, жасанды интеллект технологиясын қолданып, 1414 кеңес беру қызметін роботтандыру бойынша пилоттық жоба да іске қосылған.


Оқи отырыңыз:


 

 

Серіктестер жаңалықтары