Тікелей эфир

"Автомат, тапанша, граната тәркіленді". Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтірді, аса ірі көлемде есірткі затын сақтады, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдап, сақтады деген күдікке ілінген.

Арнайы операция барысында ҰҚТ бес белсенді мүшесі ұсталып, олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы "шолақ" мылтық және синтетикалық сипаттағы есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату үшін сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

"Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынып, қалғандарына қатысты тергеу іс-қимылдары жүріп жатыр. Қолданылған шаралар Алматы қаласының қылмыстық ахуалын жақсартуға және қылмыстық ортаның қоғамға әсерін әлсіретуге бағытталған", – делінген хабарламада. 

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасы және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 19-бабы 1-бөлігі бойынша, адамның кінәлі екеніне сот үкімі шыққанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары