Тікелей эфир

Автогаздың 2023 жылға дейінгі шекті бағасы белгіленді

Бұйрық 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өз күшінде болады. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" бұйрығы шықты. Аталған бұйрықта өңірлердегі автогаз бағасының шекті бағасы белгіленген. 

Бұйрық 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өз күшінде болады. 

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудалауға шекті бағалар:

  • Алматы – литрі 65 теңге;
  • астана – литрі 70 теңге;
  • Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында – литрі 50-55 теңге;
  • ШҚО, БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында – литрі 60-65 теңге;
  • Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, СҚО, Жетісу және Ұлытау облыстарында – литрі 70-75 теңге. 

Оқи отырыңыз: Дизель бағасы өткен жылы 50 пайызға жуық қымбаттады


Агенттік автогаздың құнын осы шекті бағадан асырған станциялардың басшылары жазаланатынын ескертті. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары