Energyprom.kz мәліметінше, 2021 жылы жанар-жағармай бағасы ерекше артқан үш өңір келесілер:
- Батыс Қазақстан облысы – 28,2%
- Ақмола облысы – 26,3%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26,2%.
Отын түрлерін жеке-жеке алып қарағанда бензин бағасы жыл ішінде 19,6%-ға көтерілсе, оның ішінде АИ-92 19,4%, АИ-98 20,8%, АИ-95/АИ-96 21,7% қымбаттаған. Ал дизель бағасының өсімі 46,5%-ды құрады. Оның ішінде жазғы дизель бағасы 32,5% өссе, қысқы түрі 62,8%-ға қымбаттаған.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар такси мен отын бағасына қайда шағымдана алады?
Қазақстандағы жеңіл көліктердің басым бөлігі бензин отынымен жүреді. Олардың саны 3,3 миллион немесе елдегі барлық жеңіл көліктердің 88,1% пайызын құрайды. Ал 74,1 мың автокөлік дизель отынын қолданады.
Газбен жүретін көліктердің үлесі – 0,1% немесе 3,9 мың автокөлік. Айта кету керек, 296,6 мың автокөлік аралас отын (бензин, газ, электр) түрін қолданады. 500 машина электр отынымен қозғалады.