Тікелей эфир

Ауыз суға жаңа тарифтік саясат енгізіледі. Ол не үшін қажет?

Жаңа тариф суды ұтымды пайдалану мақсатында енгізілмек.

Қазақстанда ауыз суға жаңа тарифтік саясат енгізіледі. Премьер-министр Әлихан Смайылов құзырлы министрліктерге бір ай ішінде суға жаңа тарифтік саясатты енгізу бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

"Суды ұтымды пайдалану мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Индустрия және Экология министрліктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде суға жаңа тарифтік саясатты енгізу бойынша нақты ұсыныстар енгізуі қажет", – деді Әлихан Смайылов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1400-ге жуық ауылдың ауыз су мәселесі шешілмеген


Бұл ретте Үкімет басшысы түскен қаражатты инфрақұрылымды жаңғыртуға, оның ішінде суды пайдаланудың цифрлық технологияларын енгізуге бағыттау маңызды екенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары