Тікелей эфир

Қазақстанда 1400-ге жуық ауылдың ауыз су мәселесі шешілмеген

Индустрия министрлігі ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда 6295 ауылдың тек 4900-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 4159 ауыл орталығында сумен жабдықтау және 741 ауылда кешенді блок-модулі орнатылған. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндады.

Министрдің баяндауынша, 1395 ауылдың ауыз су мәселесін 2025 жылдың соңына дейін шешу жоспарланып отыр.

"Қалған ауылдардың 69 пайызы, яғни 963-і халқы аз елді мекендерге жатады. Оларға бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок модульдер орнатылатын болады", – деді министр.


Оқи отырыңыз: "Жерге сіңген 1 млрд теңге": Түркістан облысында ауыл тұрғындары 7 жылдан бері ауыз суға зәру


Сонымен қатар Марат Қарабаев министрлік арқылы 391 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы қамтамасыз етілетінін айтты. Оның ішінде 120 ауылды биыл іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ 41 ауылда (СҚО – 35, Ақмола, Қызылорда – 3) кентішілік желілер Экология және табиғи ресурстар министрлігі арқылы топтық су құбырларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде салынады.

Серіктестер жаңалықтары